Министр коронавирустан көз жұмды

1

Босния және Герцеговинада ардагерлер ісі бойынша министр Салько Букваревич коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

53 жастағы марқұм шілденің 22-сі күні ауруханаға ауыр халде түсті. Кейін дәрігерлер оған өкпені жасанды желдету аппаратын қосқан.

Өкінішке орай, шенеунік ауруын жеңіп шыға алмады.

Айта кетейік, жуырда осы елдің премьер-министріне де Ковид-19 диагнозы қойылған еді. Қазір саясаткер дертінен құлан таза айығып өз жұмысына кірісіп кетті. Жалпы бүгінде Боснияда коронаиврус індетіне шалдыққандардың қатары 10 мыңнан асты. 297 адам дертінен жазыла алмай көз жұмды.

24.kz

Загрузка...

1 Пікір

  1. "Арман қайда?": Аша Матай бейтаныс жігітпен көзге түсті (ВИДЕО) - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

    […] Министр коронавирустан көз жұмды […]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз