Депутаттарды оқытуға бюджеттен 647 миллион теңге бөлінеді (видео)
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкіметтен депутаттарды оқытуға бөлінген 647 млн теңге қаражат туралы сұраққа жауап берді.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Әсет Ерғалиевтен:«Не үшін 647 млн теңгені депутаттарды оқытуға деп бөліп отырсыздар?» деп сұрақты тіке қойды.
Енді мәслихат депутаттары бюджет қаражаты есебінен дайындықтан өту мен қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құқылы. Уәкілетті орган мәліметінше, бұл мақсатқа шамамен 647 миллион теңге бөлінеді. Сонымен қатар, заң жобасында осы норманың қалай іске асатыны көрсетілмеген. Мысалы, қалай, кім, қандай форматта, қандай жиілікпен? Бұл норма іс жүзінде қалай жүзеге асады?», — деп сұрады депутат палатаның жалпы отырысында.
Министр норма бойынша алғашқы екі жыл ішінде бес жылда бір рет оқуға болады деп жауап берді. Оқыту мемлекеттік басқару филиалдарында, 40 академиялық сағаттан өтеді деп жоспарланған.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Әсет Ерғалиевтің жауабына көңілі толмады.
«Дайындықтан өту және қайта даярлау дегеніміз не? Қайтадан диплом бересіңдер бе? 647 миллион? Дайындықтан өту және қайта даярлау нормасын белгілеу, бұл нені білдіреді?», — деп сұрады ол.