Министр декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма деген сауалға жауап берді

0

«42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сондықтан декреттік демалыста отырғандар осы санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеум

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте отырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгінгі онлайн брифинг кезінде министрге декретте отырғандарға қатысты сұрақ қойылды.

«Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандардың санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі қарастырылған ба?», — деп сұрады тілшілер. 

Министрдің айтуынша, ондай азаматтар 42 500 теңгенің жәрдемақысын ала алмайды.

«42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сондықтан декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады», — деді Нұрымбетов.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды. Осы санаттағы азаматтар бір рет бірыңғай жиынтық төлемін жасаса, 42 500 теңгені алатын болады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек



sputniknews.kz