Министр Дәленовтің тексерісінен кейін Астанадағы қияр мен қызанақ бағасы арзандады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтен елордадағы қияр мен қызанақ бағасы жайлы сұрады. 

Фото: Самал Ибраеваның Facebook парақшасынан

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі үкімет отырысына қияр мен қызанақтың суретін әкеліп, базардағы көкөніс бағаларын тексергенін айтқан еді. 

«Егер сіздер байқасаңыздар, Астанада баға өзгерген жоқ. Кей жерде тіпті төмендеген. Біз барып көрдік. 1400 теңге деп тұрған нүктеде қияр бағасы 1200 теңгеге түскен. 950-940 теңге деп тұрған сатушылар 800 теңгеден сатып жатыр. Баға тұрақтана бастады», — деді министр. 

Айтуынша, кезекті тексерістен соң монополияға қарсы комитет мемлекеттік органдарға, көтерме саудагерлерге, өндірушілерге сұрау тастады. Бұл бағалық келісім жасау үшін іске асырылды. 

«Бақылауда ұстап отырмыз, жұмыс жүріп жатыр. Шыншыл кәсіпкерлер үшін ешнәрседен қорқу керек емес», — дейді Дәленов. 

Бұған дейін Дәленовті ескі жүйемен жұмыс істеуді деп айыптағандар болды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz