министр атысқа қатысты түсініктеме берді

0

Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маралды көліндегі жаппай төбелестің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Маралды көлі инвесторға жалға берілген. Ол көлдегі табиғи байлыққа жауапты әрі балық аулаумен айналысады. Мәселе санкцияланбаған балық аулау фактілері мен шаяндардың аулануында болып отыр.

«Бұл шаяндарды аулауға квота белгіленген. Браконьерлер ауламас үшін және табиғатқа көп зиян келтірмес үшін арнайы квота бар. Алайда жергілікті тұрғындар шаяндарды квотасыз аулағандықтан, кәсіпкер көлді күзететін фирма жалдаған», – деп түсіндірді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Жақында, министрдің айтуынша, жергілікті тұрғындар мен күзет фирмасы арасында жанжал шыққан. Жаппай төбелес кезінде травматикалық қару да қолданылған. Салдарынан бес адам жарақат алып, дәрігерге жүгінді.

«Қазір ол жақта полициясы жасағы күшейтілді. Кеше күзет фирмасынан айдап әкеткен көліктің орны анықталды», – деді ол.

Көлдегі оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған, жағдай бақылауда. Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.

Маралдыдағы атыс

Павлодар облысындағы Маралды көлінде жаппай төбелес 18 тамызда кешкі жетілер шамасында болған. Ауыл тұрғындары мен күзетшілер арасындағы жанжалға Artemia salina шаяндары себеп.

Күзет агенттігінің қызметкерлері сағат 19:10-да көл жағасында 32 жастағы ауыл тұрғынын ұстайды. Ер адам мотоциклмен екі қап сирек кездесетін шаяндарды әкетіп бара жатқан. Жиырма минуттан кейін жергілікті тұрғындар көмекке келеді. Осыдан кейін күзетшілер мен ауыл тұрғындары арасында жанжал шығады. Артынша төбелес болады. Тұрғындардың бірі күзет фирмасының «ВАЗ-2121» қызметтік көлігін айдап әкеткен.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктермен жаппай төбелес: Қарағанды облысындағы жанжалдың видеосы

Жаппай төбелес кезінде күзет фирмасының қызметкерлері травматикалық қару қолданған.

Түнгі сағат 03.20 шамасында Жылыбұлақ ауылының бес тұрғыны түрлі жарақатпен Павлодар қаласындағы облыстық ауруханаға жүгінді. Алғашқы медициналық көмектен кейін олар үйлеріне қайтқан.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз