Министр Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатын орнатты

0
53

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Министр мемлекеттік қызметшілердің сертификатты бір жарым жылдан бері қолданатынын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Елордада өткен баспасөз мәслихатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев өзінің смартфонын шығарып, қауіпсіздік сертификатын орнатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алдымен сертификат орнатқанымды көрсетейін деп едім. Маған SMS келді. Содан кейін қауіпсіздік сертификатын орнатып алдым. Сертификат бұл фильтр ғана. Ол ешқандай ақпарат жинамайды», – деді Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің сертификатты қолданып жүргеніне бір жарым жыл болған. Соңғы бір айдың ішінде оның арқасында 8 миллионнан астам вирустық қауіп анықталып, 130 кибершабуылға тосқауыл қойылды.

«Қауіпсіздің сертификаты заңға қайшы контенттен қорғайды. Соның ішінде экстремистік сипаттағы ақпарат, суицидке қатысты үгіт-насихат және фишингтік шабуылдар бар», – деді Жұмағалиев.

Министр сертификатты үш күннің ішінде орнатып алған.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні өткен үкімет отырысынан кейін журналистер министр Жұмағалиевтен қауіпсіздік сертификаты туралы сұраған еді. Сол кезде ол сертификатты орнату әр адамның өз еркі екенін жеткізген болатын.

Тағы оқыңыз: 11 млн қазақстандықтың жеке мәліметі желіде жарияланып кетті

Министр сертификат арқылы адамның жеке мәліметін алуға мүмкіндік жоқ екенін айтты.

Алайда Жұмағалиев қауіпсіздік сертификаты жүктелетін сайттың неге жеке тұлғаның атына тіркелгенін түсіндіре алмады.



sputniknews.kz