Министр ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

0

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары, цифрлы даму министрі Азамат Дыйканбаев ұсталды.

ҰҚМК мәліметіне қарағанда, «Қауіпсіз қала» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыратын шетел компаниясының өкілі берген мәлімет негізінде сотқа дейінгі өндіріс ашылды. Шетел компаниясының өкілі келісімшарт мерзімін ұзарту үшін аса ірі көлемде ақша сұрағанын айтқан.

Ұсталған министр комитеттің уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Оған қандай қылмыс бойынша күдік бары жақында хабарланады, оны қамауда ұстау-ұстамау мәселесін 1-май аудандық соты шешеді.

Азамат Дыйканбаев цифрлы даму министрі қызметіне 5 мамырда тағайындалды. Бұған дейін ол Цифрлы даму мемлекеттік қызметі төрағасының орынбасары болып істеген. Оның алдында «Транском» мемлекеттік кәсіпорынның директоры болған.