Министр әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», – деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

«Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.

Тағы оқыңыз: «Менен кешірім сұраған»: Керменбаев Жанар Хамитова туралы жазба жариялады

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз