Министр «5-10-20» бағдарламасымен қандай үйлер сатып алынатынын айтты

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Биыл кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу мақсатында  «Шаңырақ» пилоттық жобасы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Минстрдің айтуынша, биыл 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 150 мың пәтер. Ал 39 мың отбасыға мемлекеттік қолдау жасалады. Жыл басынан бері 25 мың пәтер пайдалануға берілді.

«Сондай-ақ, биыл президенттің тапсырмасы бойынша кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасын бастаймыз. Оған 390 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 180 миллиард теңгесі аймақтарда әлеуметтік кредиттік баспананы салуға жұмсалса, 210 миллиард теңге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «5-10-20″ бағдарламасы бойынша ипотекамен беріледі. Осы бағдарламамен жаңа үйлер сатып алынады», – деді Атамқұлов бүгінгі есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,8 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Осылайша, 330 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Ал өткен жылы 13,1 миллион шаршы метр салынып, 116 мың адам баспаналы болды. Соның ішінде  11 мың отбасы және 3 мың жұмысшы жастар жалдамалы пәтерге кірді. 15 мың адам жеңілдікпен ипотека алды. 

Оқи отырыңыз: Әркім қалтасына қарай баспана алады – министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

«Бүгінде әрбір адамға шаққанда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл – ТМД аймағындағы ең жоғары көрсеткіш», – деп атап өтті Атамқұлов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз