Министр 42 500 теңге үшін ашылған Telegram-бот неге ашылмайтынын түсіндірді

0

42 500 теңге төлемге өтініш рәсімдеу қызметін көрсететін Telegram-бот әлі іске қосылмаған болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. 42 500 теңгені алуға өтініш беру үшін әзірленген Telegram-бот әлі іске қосылмаған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік төлемді алу үшін іске қосылған Telegram-бот жүктемені көтере алмай, бұзылып қалды деген ақпарат тараған болатын.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. 42 500 теңгеге өтініш рәсімдеу қызметін көрсететін Telegram-бот әлі іске қосылған жоқ. Біз оны әзірлеп жатырмыз. Жақын арада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосамыз», — деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Ол Telegram-боттың іске қосылу уақыты БАҚ арқылы жарияланатынын айтты.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төлем алуға өтініші ұялы телефонмен беруге болатынын мәлімдеген еді.Ол үшін Telegram деген ұялы қосымшасын жүктеу керек. Сол жерде 42 500 теңгеге арналған арнайы қызмет болады. Соған жеке мәліметтер бен есепшотты енгізіп, СМС арқылы қолтаңбаны растау қажет.

Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы

Әлеуметтік төлем алуды жеңілдету үшін Enbek.kz электронды еңбек биржасының алаңында қосымша сервис те құрылды. Енді қазақстандықтар өтінішті 42500.enbek.kz сайтында бере алады.



sputniknews.kz