Мінезімді түзеймін десеңіз | Reactor.inform.kz
Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.
Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.
Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.
Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.
Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz