«Міндетті түрде пәк болсын!». Жұрт күйеу жігіттің әйеліне қойған талабын күлкіге айналдырды

0
898

Әлеуметтік желіде қолданушылар ер адамның болашақ жарына қойған талабын әбден күлкіге айналдырды. Олардың айтуынша, дәл қазір пәк болып тұрмысқа шығатын қыздар жоқтың қасы. Сондай-ақ, мінсіз жанды жолықтыру үшін адамның өзі де лайық болуы қажет.

«Ну, ты, брат, даешь!» атты жергілікті топта есімін жасырған азамат болашақ жарына қандай талап қоятынын жазды.

«Міндетті түрде пәк болуы керек! Біреудің қалған-құтқаны маған қажет емес. Баласы бар ажырасқан әйелдер өтіп кете берсін. Тамақ пісіріп, үй жинап т.б. жасай білуі тиіс. Үйде үнемі тамақ дайын және таза болуы керек. Жұмыс істеу міндетті емес. Бірақ істе десем, отбасымыздың игілі үшін барып ақша табасың.

Дене бітімі де спортшылардікіндей мінсіз болғаны жөн. Кешіріңіздер, бірақ салбырап қалған целлюлит маған қажет емес. Бойы кемінде 165 болуы тиіс. Ешбір косметика, лак, бояу қолданбасын. Сондай-ақ, өкшелі аяқ киім мен комплекстерін жасыратын т.б.-лар да қажет емес. Тек табиғи сұлулық. Егер табиғатыңнан сұлу болмасаң, жанымнан өтіп кете бер», — деп жазған бейтаныс күйеу жігіт.

Пікір жазған көптеген ер адам бұл талаптарға сай келіп жатқан ару өздеріне ұнайтынын жасырмады.

«Автор красавчик! Тағы жаз. Маған ұнады», «Автор қияли сияқты», «Ұлым — бұл фантастика!», «Мына талаптарыңмен зейнетке шыққанша жүрейін деп тұрсың ғой», «Ойбу, бұндай қызды табу қайда», «Қазір пәк болып тұрмысқа шығатын қыз қалмаған шығар», «Иә, расымен де, пәк қызды табу қиын», «Мұндай қыз жолықса, ойланбай үйленер ем» деп жазды оқырмандар.

Сондай-ақ, қыз қауымы мұндай аруды жолықтыру үшін өзі мінсіз болу керегін ескертті.

«Өзің сонда Аполлонсың ба?» деп сұрады одан.

Көпшілік бұл жазбаның көңілдерін бір көтеріп тастағанын жазып жатыр.