«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасы депутаттарға ұсынылды
Заң жобасының мақсаты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен төлемдердің өзара байланысын күшейту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр Светлана Жакупова депутаттарға «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасының жаңа редакциясын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Заң жобасы Нұрсұлтан Назарбаевтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен төлемдердің өзара байланысын күшейту және 2020 жылдан бастап еңбекке жарамдылығынан айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмыстан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемдер көлемін орта есеппен 30%-ға ұлғайту туралы тапсырмаларына сай әзірленген.
Заң жобасы сондай-ақ ҚР Қылмыстық-атқару кодексі, ҚР «Сақтандыру туралы», «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» және «Халықты еңбекпен қамту туралы» заңдарына редакциялық түзетулер енгізуді көздейді.
– 2019 жылдың 1 қаңтарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің жалпы сомасы 1,4 трлн теңгені құрады, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары саны 6 млн 126 мың адамды құраған. МӘСҚ есебінен әлеуметтік тәуекелдің 5 түрі бойынша 2018 жылы 800 мыңдай адамға (792,9 мың адам) 190 млрд теңге төленді (189,6 млрд тенге), – деген деректер келтірді Жакупова.
Заң жобасы әлеуметтік тәуекелдің үш түрі бойынша: еңбекке жарамдылықтан айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмыстан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем тағайындау параметрлерін қайта қарастырады.
– Әлеуметтік төлем көлемі мен жүйеге қатысу стажының өзара байланысын күшейту мақсатында жүйеге қатысу стажы 5 жылдан асатын алушылардың стаж коэффициентін қайта қарастыру ұсынылуда. Бұл коэффициент әлеуметтік төлемнің үш түрі бойынша төлем тағайындауда қолданылады. Олар еңбекке жарамдылықтан айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмыстан айырылу. Қазіргі күні бұл коэффициенттің максималды мөлшері қатысу стажы 5 жылдан асқандар үшін 1,0 болып отыр. Осылайша, әлеуметтік төлем алуда 60 айлық стажы барлар мен 120 айлық стажы барлар бірдей сомадағы төлем алады, – деді ол.
Осы орайда министрлік стажы 71 айға дейінгілер үшін қазіргі қолданыстағы коэффициенттерді сақтап қалуды ұсынуда, ал 60 айдан асқаннан кейінгі әрбір толық жыл үшін коэффициент 2%-ға көтеруді ұсынады.
– Еңбекке жарамдылығынан айырылғандар үшін медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын әлеуметтік жарамдылық деңгейімен (30%-дан 100%-ға дейін) тікелей байланыстырып тағайындау ұсынылуда, – деп жалғастырды вице-министр.
Оның сөзінше, қазір жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу бойынша орташа коэффициенттер қолданылады.
Орташа жалақысы 100 мың теңгелік, 85 айлық стажы бар, еңбек жарамдылығы 65%-дық жүйе қатысушысы жаңа парамертлер бойынша 31 080 теңге алатын болады, бұл қазіргіден (22 988 теңге) 35,2%-ға жоғары.
– Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің міндетті екенін ескере отырып, бұл төлемге мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны да қосу керек. 2 топтағы мүгедектер үшін төлем сомасы 2019 жылы 45 438 теңгені құрайды, сәйкесінше, төлемдердің жалпы сомасы– 76 518 теңге болады, – деп хабарлады ол.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz