«Миллионермін»: Ерке Есмахан қаржылық жағдайы туралы айтты

0

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде көпшілікті қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, өз қаржылық жағдайы туралы айтты. Өнер иесі бүгінде өзін миллионерлер қатарына жатқызатынын жасырмады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Ерке Есмахан қанша ақшасы бар екенін Instagram парақшасында айтты. Ол өзінің қаржылық жағдайы жақсы екенін жеткізді. «Осы менің ақшамды санап не істемекшісіздер? Ақшам көп, құдайға шүкір. Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен долларлы миллионермін», –  деп жауап берді ол.

Сонымен қатар, оқырмандардың бірі оны жалғыз ұлына көңіл бөлмейді деп сынға алды. Алайда әртіс бұл айтылған сынның мүлдем орынсыз екенін жеткізді. «Ұлым осында ғой. Таңертең мектепке кетеді, түсте келеді. Бәрі дұрыс. Махаббатқа, әсіресе әжесінің махаббатына бөленіп өсуде. Ілік іздеп отырасыздар иә? Алла, Алла», — деп жазды әнші.