Миллиондаған лудоманға тыйым салынды

0

3,5 миллионнан астам адамға құмар ойын ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев хабарлады.

Заңға енгізілген түзетулер оларды букмекерлік тұтынушы болу немесе казино ойнау мүмкіндігінен айырады. 3,5 млн адамның қатарында 90 000 мемлекеттік қызметші және күш ведомстволарының жүздеген мың қызметкері бар.

«Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған адамдарды және өздерін шектеген адамдарды құмар ойындарға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Тыйым салуды бұзатын мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер жұмыстан шығарылады», — деді вице-министр.

Қазір бұл норманы заңға тәуелді актілер деңгейінде іске асыру тетігі әзірленуде.


Тегтер:лудоман