Миллиардтан астам теңгені ұрлап, қолға түскен Перизат Қайраттың анасы қазір қайда? Антикор жауап берді
Блогер Перизат Қайрат былтыр қарашада ұсталған
Ведомство «сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймыз» деген жауаптан танбай отыр.
Бұдан бұрын БАҚ-та Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның қазақстандықтардың көктемгі су тасқынына деп жинаған ақшаны қызына қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескені туралы жазылған еді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпаратты шынға да, теріске шығармаған еді.
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиістігін хабарлайды. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн», — делінген жауапта.
Айта кетсек, Ғайни Алашбаеваның күдікке ілінгені туралы ақпараттың шыққанына тура 1 ай толды, ал Антикор әлі де ресми жауабын жарияламай, осылайша көпшіліктің көкейіндегі күдігін сейілтпей отыр.