Милиция лейтенантын түнгі күзет кезінде өлтіріп кетті
Өзбекстанның Әндіжан облысы Избоскан ауданының ішкі істер басқармасының қызметкері Ильхомжон Хайдаров 21 қарашада түнгі кезекшілік кезінде соққыға жығылған.
Фото: AFR
08:10 24.11.2018
Ол ауруханада көз жұмды. Милиционер көшедегі бірнеше жігіттің кімдер екенін анықтағысы келген, — деп жазады Сentralasian.org.
Оқиға Әндіжан облысының Избаскан және Пахтаабад аудандарының шекарасына жақын маңда тіркелген. «Жігіттердің бірі Ильхомжон Хайдаровқа қатты соққы жасаған. Одан соң Хайдаров Пахтаабад аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірақ 22 қарашаға қараған түні милиция лейтенанты ауруханада қайтыс болды», – деді облыстық милиция қызметкері.
Милиция лейтенантын ұрған ер азамат және оның серіктері ұсталды.
Прокуратура тергеуге дейінгі тексеруін жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.