Home Жаңалықтар Миланда жеңген қазақ баласы ауру балаларға көмектесіп жүр

Миланда жеңген қазақ баласы ауру балаларға көмектесіп жүр

0
563
Сурет: instagram.com/arulat_ekibastuz/

Жастайынан маникюр жасаумен айналысатын қазақстандық Миланда өткен байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. Қуанышты жаңалықты жасөспірімнің өзі хабарлады. Ал анасы Сания Рахымова байқауға 190-нан астам адам қатысқанын айтып өтті.

13 жастағы нейл-стилист жеңісі туралы қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Миланда өткен халықаралық байқауда басжүлде алған. Байқау онлайн форматта өтті. Арулаттың анасы аталған байқауда 19 мемлекеттен 190-нан астам адамның өз жұмысын ұсынғанын айтты.

Сондай-ақ, әйел ұлының Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізгеніне тоқталды. Ауруға шалдыққан балаларға түрлі сыйлық сыйлап, азық-түлік үлестірген.

«Бәрі риза. Арулат екі есе риза шығар. Ол балалардың қуанғанынан ләззат алатынын айтады. Бір шетінен олардың ауырып жатқаны көңілді түсіреді. Бірақ жақсы істер жасаған жақсы», — дейді Сания Рахимова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от [email protected] (@arulat_ekibastuz)

Арулат азық-түлікті өз ақшасына алған. Сондай-ақ, сыйлықтарды да өзі таңдаған.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету