«Миғұлалар, тарихқа неге көз жүгіртпейді?!». Белсенді мектепті аралас еткісі келген үш орысқа шүйлікті

0
299
Сурет: facebook.com/profile.php?id=100023449643693&sk=photos_all

Ұлтшыл белсенді Бақытбол Берімбай 1200 қазақ оқушысы бар мектептің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

«Целиноград ауданының Қараөткел ауылында үш орыс ұлтының азаматшасы ауылдағы 1200 қазақ оқушысы бар мектепті аралас мектепке айналдыру туралы ұсыныс көтеріпті. 1200 қазақ баласының тағдырына алаңдап, қарсы болған мектеп директорын да кетірудің қамымен жүрген көрінеді. Бұл мәселені аудан, облыс білім басқармалары мен Білім және ғылым министрлігі деңгейінде үш орыс азаматы көтерген екен. Мұны біздің шенеуніктер қолдап жіберген көрінеді. Қалай? Қазақ боламыз? Жастарға ұлттық тәрбие, тілімізді қалай үйретеміз деп, күні-түні уайымдап жүрсек, екі-үш орыс ұлты азаматарының сөзіне еріп, қазақ мектебін жауып, аралас мектепке айналдырамыз дегені қай сасқаны? Целиноград ауданының әкімі қайда қарап отыр? Біз Ресейдің губерниясы емеспіз. Ақмола облысының әкімі, ҚР білім және ғылым министрі А.Айтмағамбетов мырза бұған жол бермес деген сенімдемін!!!!

ҮНДЕУ

Сұмдық жағдай! Өз елімізде өз балаларымызды таза қазақ мектебіне оқыта алмасақ не болғанымыз! Ұлттық намыс, ар-ұят, береке-бірлігіміз қайда?! Шенеуніктер қашанға дейін азғана шовинист орыстардың табанына қазақ халқын салып бермек?! Өз елімізде қор болмайық! Ата-аналар, ұлтшыл азаматтар жиналып барып талап етейік, қазақ мектебін қорғап, сақтап қалайық! Аралас оқыту, ұлтты жою үшін Советтік биліктің ойлап тапқан әдісі! Қазақша сөйлеп, орысша оқыған балаларды көрген орыстың генералы бұларды орыс балалармен араластырып оқытыңдар деген. Айтқандай 3 айдан соң әлгі қазақ балалар ойнағанда да орысша сөйлеп жүргенін көріп міне нәтиже деген! Сондықтан бүкіл Қазақстандағы аралас мектептің бәрін жойып, таза қазақша оқыту дұрыс! 77 пайыз қазақ ұлты тұратын, мемлекеттік тілі қазақ тілі болғандықтан барлық баланы қазақша оқыту заңдылық! Біздің орысқұл мәңгүрт, нигилист, космополит билік қазақты шовинстер ығына жығып беруін тоқтатсын!

Миғұлалар, тарихқа неге көз жүгіртпейді?! 1937 жылдары Қазақстан бойынша 30 мың таза қазақ мектебін Сталин билігі жапқанын білмей ме?!

3-10 оқушы үшін қазақ мектепте орыс сыныптарын ашу жай нәрсе емес. Өйткені сынып ашу үшін оған пед.штат құру керек яғни педагогтар керек. оның завучы и оның орыс тілді базасы болу керек. т.б. сонда 3-10 оқушы үшін мемелекеттің миллондаған қаржысын шығындап, сыныптар ашу керек пе?

Иә, мен түсінер едім. Ол жерде жақын маңайда орыс тілінде білім беретін мектер жоқ болса. Бірақ жақын жерде орыс мектептер бола тұра, оған қатынауға мүмкіндік бола тұра қазақ мектебін аралас қылу керек деген үш азаматшаның ісі тым шектен шығушылық.
Сосын бұл жалпы біздің елдегі үлкен проблемманы көрсетіп тұр. Әуелі жалпы мемелекет бюжет ақшасымен өзге елдің мемелекеттік тіліндегі мектептерді қаржыландыру деген, ешқандай нормаға келмейді. Көптеген елдерде көп жағдайда сол елдегі өзге этностың б балаларын бастауышта ғана сол этностың өз тілінде оқытып, негізгі және орта білімді тек сол елдің мемлекеттік тілде оқытады.

Бізгеде соған шұғыл көшу керек.

ҚР білім-ғылым министрі Асғат Айтмағанбетовтың назарына!!!

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылындағы таза қазақ мектепті аралас мектепке айналдыруға қарсымыз! Таза қазақ мектеп болып қалуын талап етеміз!

Ұлтжанашыры Бақытбол Берімбайұлы.

Астана қаласы, 18 ақпан 2021 жыл», – деп жазды белсенді Бақытбол Берімбайұлы.