Мигранттар Қазақстанда тек заңнама аясында жұмыс істей алады

0

Мигранттар Қазақстанда тек заңнама аясында жұмыс істей алады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов. Бұл туралы Kznews.kz порталы Time.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Біз үшін, бірінші кезекте, қазақстандықтардың мүдделері, оларды жұмыспен қамтамасыз ету бірінші кезектегі басымдық болып табылады. Мұны барлық кәсіпорындар мен ұйымдар ескеруі керек. Көрші елдерден келген мигранттар бізде белгіленген заңнама аясында ғана жұмыс істей алады», — деді Смайылов сейсенбідегі Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол мигранттарға қатысты жағдай тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстан билігі Ресейден келушілер санының өсуіне байланысты кеңес өткізді.

Мәліметтерге сәйкес, 22 қыркүйектен бастап Қазақстанға келетін ресейліктер ағымы екі есеге артты. Соңғы күндері 40 мың ресейлік Қазақстаннан транзитпен өтті. Ресейдің 115 азаматы қыркүйек айының басынан бастап Қазақстанда тұруға рұқсат сұрады.

ҚазТАГ хабарламасы бойынша

Фото: news.ua.portal