«Миға қатысты барлық ауруды қалпына келтіреді»: Илон Маск бір жыл ішінде адамзатты чиптендіру туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Кәсіпкер Илон Маск өзінің Neuralink компаниясы жақын арада адам миына чип енгізуге дайын екенін айтты.

Ол бұл туралы Джо Роганның YouTube арнасында айтты.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде науқастарға мидың зақымдануына байланысты көру, есту немесе қимыл-қозғалыстарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін имплант жасау жұмыстары аяқталады. «Негізінде, чип миға қатысты барлық ауруды шеше алады», — деген ол бұл бағытта әлі көп жұмыс бар екенін атап өтті.

Миллиардер имплант бас сүйегінің астына қойылып, электродтар көмегімен миға қосылып, адам ағзасының функцияларын орындай бастайды деп түсіндірді.

SpaceX және Tesla Motors негізін қалаушы Илон Маск 2016 жылы Neuralink құрды. Компания миға электродтарды имплантациялауды қамтитын «нейронды шілтер» технологиясын дамытуда. Бұл әдіс кейбір ауруларды, соның ішінде эпилепсияны немесе сал ауруын емдеуге мүмкіндік береді және болашақта адамдар өз ойларын компьютерден жүктей алады.

stan.kz