Метрода ән шырқаған үйсіз-күйсіз әйелдің дауысы жұртты сүйсіндірді – видео
Қысқа сілтеме алу
Адамдарды ерекше дауысымен тәнті еткен Эмили Замурканың таланты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында метрода ән айтқан әйел жұртты еріксіз сүйсіндірді.
Оның видеосын өткен аптада Лос-Анджелес полициясы Instagram аккаунтына жүктеді. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Адамдарды ерекше дауысымен тәнті еткен әншінің есімі Эмили Замурка, деп жазды NBC. БАҚ-тың мәліметінше, ол Ресейде туып өскен. 24 жасында АҚШ-қа қоныс аударыпты. Қазір оның жасы 52-де. Үйі болмағандықтан далада күнін көріп жүр. Эмили Замурканың музыкалық білім жоқ. Ол ән айтуды теледидардағы опера әншілеріне қарап үйреніпті.
«Менің неге метрода ән айтатынымды білесіздер ме? Себебі, мұнда дыбыс керемет шығады», — дейді ол.
Әлеуметтік желідегі видеода Эмили италиялық композитор Джакомо Пуччинидің әнін тамылжыта орындайды. Желі қолданушылары үйсіз-күйсіз жүрген әншінің әсем дауысына ғашық болып қалғанын жазуда.
sputniknews.kz