Месси шілдеде «Барселонаға» оралуы мүмкін
Аргентина ұлттық құрамасы мен француздық ПСЖ-ның көшбасшысы Лионель Месси шілденің соңына қарай «Барселона» сапына қосылады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, клуб Мессидің Америка Құрама Штаттарындағы маусым алдындағы тур басталмай тұрып оралғанын қалайды. Ол 19-30 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. «Барселонадан» бөлек Леоны саудиялық «Әл-Хиәләл» клубы да сапына қосқысы келеді, ал арабтар жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.