Месси 15 млн долларға ұшақ сатып алды (фото) — новости Казахстана

«Барселона» клубының аргентиналық көшбасшысы Лионель Месси 15 миллион доллар тұратын жеке ұшақтың иесі атанды деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: твиттер Uggente24.com
Атақты футболшы 2004 жылы шыққан Gulfstream V ұшағын сатып алған. Әуе кемесі 16 жолаушыға арналған. Ішінде сегіз кереует, екі жуыну бөлмесі мен екі ас үй бар.
Ұшақтың сыртында 10 нөмірі бейнеленсе, баспалдақтарында Мессидің отбасы мүшелерінің есімдері жазылған.

фото: твиттер Urgente24.com
Футболшы ұшақты отбасымен Аргентинаға саяхаттау үшін алған деген болжам бар.