Мешітке барып уағыз айтқан 69 жастағы қария түрмеде отыр

0

Мешіттерге барып, діни уағыз айтқаным үшін 5 жылға бас бостандығымнан айырды — қария.

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесіне 69 жастағы қария 2015 жылы түскен, деп хабарлайды Zakon.kz Aktobenews.kz басылымына сілтеме жасап.

Оған террористік сипаттағы уағыздар таратты деген айып тағылған. Бес уақыт намаз оқитынын айтқан қарияның ержеткен үш баласы бар.

«Қамауда отырғаныма 3 жылдан асты. Мешіттерге барып, діни уағыз айтқаным үшін 5 жылға бас бостандығымнан айырды. Денсаулығым нашар, жүрегім ауырады. Инсульт алдым. Бұл жерде отырып та дәрігерлерге қаралып жатырмын. Жағдайыңды айтсаң тиісті дәрігерді шақырып береді. Әйелім, үш балам бар. Солардың қасына шығатын күнді күтіп жүрмін»,- дейді атын айтпауды өтінген қария.

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінде 500-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың дені 18 бен 40 жас аралығындағы жастар.

Абақтыға БАҚ өкілдері сотталушылардың денсаулығын тексерістен өткізуге келген дәрігерлермен бірге кіргізілді. Қамауда отырғандар өз еріктерімен тілшілермен сөйлесіп, дәрігерлерге қаралды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz