Мешітке барып имаммен сөйлесті: Полицейлер Қарағандыда өз қызын кепілге алған ер адамның оқиғасын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

17 сәуірде 34 жастағы ер адам туған қызын кепілдікке алды. Полицейлермен бірге ер адамның ата-анасы оны райынан қайтаруға тырысты. 

Мешітке барып имаммен сөйлесті: Полицейлер Қарағандыда өз қызын кепілге алған ер адамның оқиғасын айтты

Полицейлер оқиға орнына жеткенде ер адам өз қызын өлтірем деп қорқытқан. Полицейлер ер адамның ата-анасын шақыртты. Жағдай отбасылық жанжалдан соң туған. Ер адам полицейлерге де, ата-анасына да көнбей көлік сұратты.

Қызына пышақ тақай отырып, көлікпен орталық мешітке барды. Мешітте онымен имам да сөйлесті. Алайда оған көнген жоқ. Полицейлер ақыры қызды босатып, жедел жәрдеммен ауруханаға жіберді. Ер адам қызын жіберген соң өзіне қол салмақ болды. Полицейлер мұның алдын алды. 

Қыздың қауіпсіздігі үшін полицейлер ер адамның назарын аудару мақсатымен суық қарудан оқ атты. Ұсталған ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ешкім зардар шеккен жоқ. Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр. 

 

stan.kz