Меруерт Түсіпбаева: Менің жауапсыз махаббатым 23 жыл жалғасуда

0
5795

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа жазба жариялап, жауапсыз махаббаты туралы айтып берді. Өнер иесі өзінің әндері тек бір жанға арналғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева өзінің жауапсыз махаббаты 23 жыл жалғасып келе жатқанын айтып, бұл мәселе әлі де шешімін таппағанын алға тартты. Сонымен қатар эстрада жұлдызы көпшілікті махаббаты үшін күресуге шақырды.

«Мені сағындыңыздар ма? Бармын! Сол, өмірдің ақ-қара жолақтарын абайлап басып, сіздер сияқты кейде жылап, кейде күліп мен де күйбең тірлік кешудемін. Бар шындық осы. Естай бабам жырлағандай: «51 жыл ғашық болдым Қорланға, 51 жыл өмір сүрдім ендеше» демекші, менің жауапсыз махаббатым 23 жыл жалғасуда. Барлық әндерім сол бір жан туралы. Бәрі қиын. Бірақ өмірдің кереметі де осы. Берілмеңіздер! Махабббаттарыңыз үшін күресіңіздер! Бұл жаратушы берген нағыз керемет сезім. Жауапсыз болса да — шын сүю бақыты барлық адамға берілмеген», — деп жазды әнші.