​Меруерт Түсіпбаева Мейрамбекті сынаған Роза Рымбаеваға үн қатты

0

​Меруерт Түсіпбаева Мейрамбекті сынаған Роза Рымбаеваға үн қатты

«Шыны керек» бағдарламасына берген сұхбатында Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевта мүлде дауыс жоқ деген болатын. Осы орайда Меруерт Түсіпбаева Мейрамбекті қорғап, пікір білдірді.


 
«Роза Қуанышқызының сұxбатындағы пікіріне қатысты өз пікірім… «Бозторғаймен» күллі жұртты тәнті еткен Мейрамбек Беспаевтың зор дауысы кімнің есінде жоқ? Сол кезде Мейрамбек те қазіргі Димаштай феномен болды. Мейрамбектің дауысы табиғатынан үш-төрт октаваны құрады. Бірақ дауысты дұрыс күтпегендіктен, дауыс мутацияға ұшыраған кезде ән салуы себепті дауысына зақым келген. Тығыз гастроль кестесі мен фонограммасыз концерттер дауысының өзгеріске ұшырауына әсер еткен.  Мамандар мутация кезінде ән салмау керектігін айтады. Бұған Робертино Лореттиді мысал. Менің бұл пірікіммен патшаның өзі келісер»-деп жазған әнші желідегі парақшасында.

Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz