Мерекелік қарбаласта ұрылардан қалай сақтану қажет

0
81

2018 жылғы 25 желтоқсан 03:23 222

Мерекелік қарбаласта ұрылардан қалай сақтану қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат -Полиция қызметкерлері әмиян мен құнды заттарды полиэтиленді пакетке және сөмкені азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкені қолға ұстап тұруды ескертеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қоғамдық көлікте мұқият болуды, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалау және алдыңызға ұстап тұру қажет. Сондай-ақ, отырған кезде алдыңызға алып отыруды, құнды заттарыңызды киімнің ішкі қалталарында алып жүру барынша қауіпсіз», – деп кеңес береді елордалық полицейлер.

Айта кетейік, жыл басынан астаналық тәртіп сақшылары қылмыс үстінде 135 ұрыны қолға түсірді. Олардың 40-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz