мерекелер, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар

0
102

Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 321-ші күні, жыл соңына дейін 46 күн бар

17 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik  дерекқорынан оқыңыз.

17 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде Халықаралық студенттер күні атап өтіледі. Әрине, қазір бұл мейрам жастық шақ, романтика және сауық-сайранмен байланысты болғанымен, оның тарихы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чехословакиядағы қайғылы оқиғалармен астасып жатыр. 1939 жылы 28 қазанда фашистер басып алған Прагада студенттер мен оқытушылар Чехословакия мемлекеті құрылған күні нацистерге қарсы шеруге шығады. Басқыншылар тәртіпсіздік ұйымдастырғандарды алаңнан аяусыз қуып жатқан уақытта медициналық факультеттің студенті Ян Оплеталға (Jan Opletal) оқ тиеді. Ол 11 қарашада ауруханада көз жұмады.

Ал 15 қарашада Ян Оплеталды жерлеу рәсімі наразылық акциясына ұласып, ондаған адам ұсталды. 1200-ден астам студент концлагерьге жіберілді. Ал тоғыз студент пен студенттік ұйымдардың белсендісі 17 қарашада атылды. Осы оқиғаның құрметіне 1941 жылы Лондонда 17 қараша Халықаралық студенттер күні, ал 2000 жылы Чехияда еркіндік пен демократия үшін күрес күні болып жарияланды.

Бүгінде Студенттер күні әлемнің көптеген елінде атап өтіледі. Мерекелеу бағдарламасы әртүрлі болғанымен, бұл мейрам студенттер арасында аса танымал. Жоғары оқу орындарының барлығы дерлік осынау көңілді мейрамнан шет қалмайды.

Сондай-ақ, бүгін ресми емес мереке – жаңа шаймен танысу күні. Шайдың қаншама түрі бар?! Бүгін бұған дейін ішіп көрмеген шайдың дәмін татып көріңіз. Мүмкін ол сүйікті шайыңызға айналар…

17 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1800 жылы Вашингтон АҚШ астанасы болды;

1833 жылы Александр Пушкин «Өлі патшайым мен жеті батыр туралы ертегі» шығармасын аяқтады;

1869 жылы Суэц каналы ашылды;

1913 жылы Панама каналымен алғашқы кеме жүзіп өтті.

17 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1917 жылы Батыс Қазақстанда «Ішкі Орданы басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» кеңестік газеттің алғашқы саны жарық көрді;

1998 жылы Қазақстанның азаматтық партиясы құрылды, алғашқы хатшысы болып Азат Перуашев сайланды;

2005 жылы қазақстандық экспедиция жердің ең суық құрлығындағы шыңды бағындырып, оған «Қазақстан» деген ат қойды;

2011 жылы Талдықорғанда Қаратал өзенінде ұзындығы 152 метрге созылған жаңа көпірдің салтанатты түрде ашылуы өтті.

17 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1926 жылы кеңес және грузин актері, спорт комментаторы, тележүргізуші, театр педагогы, Грузин КСР-ның Халық әртісі Котэ Махарадзе дүниеге келді;

1942 жылы америкалық кинорежиссер, актер, продюсер, «Оскар» премиясының лауреаты Мартин Скорезе дүниеге келді;

1944 жылы америкалық актер, режиссер, продюсер Денни ДеВито өмірге келді;

1966 жылы француз актрисасы және режиссер Софи Марсо дүниеге келді.

17 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді

1920 жылы ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Раиса Мақашева дүниеге келді;

1939 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Рахымжан Қабашев өмірге келді.

1940 жылы ғалым, тарихшы-археолог, Берлиндегі неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Байпақов дүниеге келді. Ол Қазақстанның ғылым тарихындағы алғашқы академик-археолог.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Әдеттегі, есте қалатындай ештеңе болмайтын күн. Бүгін керемет көңіл-күй күтпеңіз, бәрі бірқалыпты. Жұмыста да, үйде де ешқандай өзгеріс болмайды.