Мереке күндері Нұр-Сұлтаннан қосымша пойыздар жолға шығады
Қысқа сілтеме алу
«Мерекелік» пойыздардың кестесіне ішкі бағдарлардан басқа, Алматы – Новосібір бағытындағы рейс қосылады
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері кезінде екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
- № 6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағыты бойынша 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 7 қаңтары күндері;
- № 7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсаны мен 2020 жылдың 4 қаңтары күндері;
- № 7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтары күндері.
Сондай-ақ, «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік рейс жасайды. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні жолға шығады.
Пойыз билеттері екі есе арзандайды: жеңілдікке кімдер ие болады?
Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.
Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).
sputniknews.kz