МЕҢЗЕРІ АЛЫС, МӘНІ ТЕРЕҢ | «Айқын» газеті

0

Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақала түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз.

Біздің халықтың айқындалуында нақты нүкте қойылды. Біздің кім екеніміз туралы сұраққа енді мүлде орын жоқ. Біз қандай идеологияны насихаттайтынымыз туралы сұрақ жиі көтеріліп жүр еді. Ру­хани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды танып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы да­ланың жеті қыры» арқылы біз ай­қындалу жолын нақты белгілеп алдық.
Біздің халық – ғұндар мен сақ­тардың, түркі этностар тобының мұрагері. Біз кім екенімізді айқындап қана қоймай, бүкіл әлемге де белгі бердік. Әсіресе, қазір бұл өте маңызды болып отыр.
Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйрету арқылы ата-бабамыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты – ат» деп білген Алаш баласы әр сөзінің астарын атпен са­бақтайды. Айтар ойын атпен бай­ланыстыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам ұғлының мінезін, өмірі­нің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қа­тыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дү­ние­танымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел. «Сөзі жоғалған жұрт­тың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, сөзінің мәніне бойлаған ел өз болмысын танымақ.
Атты әспеттеу – болмысыңды зер­делеу. Сонысымен де осы мақаланың меңзері алыс, мәні терең. Президент өз мақаласында жаңа тарихи баста­ма­лар­ды алға тартты. «Ұлы да­ла­ның жеті қы­ры» бағдарламалық мақаласы – түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айнала­тындығына сенімдімін.

Рүстем БЕГАЛИЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы