«Менің жауларым»: Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовна» ұжымына шүйлікті
Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова жақында ғана «Отыздан асып барамын» атты фильм түсірген атышулы «Ирина Кайратовна» ұжымына өз өкпе-назын жеткізді. Өнер иесі аталмыш туындыда өзі тірі тұрғанда, рөлін өзге адамның сомдағанына шүйліккен. Ол алдынан өтіп, ешкім рұқсат сұрамағанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісованың наразылық видеосы Instagram парақшаларға тарап кеткен. Әртістің сөзінше, «ИК» аталмыш кинода оны жаман жағынан көрсетуге тырысқан. Ол фильмді түсірген жігіттерді өзінің жаулары екенін айтты. «Құрметті ағайын, алдарыңызға бір ауыз сөзбен шыққым келіп отыр. Менікі дұрыс па? Олардікі дұрыс па? Өздеріңіз сарапқа салыңыздар. Мына «Отыздан асып барамын» атты кино шығыпты. Бұл туралы мен кеше ғана естідім. Маған сілтемесін біреулер жіберді. «Кино тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай шыққан. Ішінде рөлді ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды. Бірақ, сіз деп береді. Мақпал Жүнісова оынап тұр дегендей». Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін. Жер басып жүрген адаммын. Ол жердегі әнде менің даусым. Олар менің даусымды өзге адамға айтқызып тұр. Мен жанды дауыста айтсам, ол адам фонограммамен айтып тұр. Ол қыз да қятсыз екен. Неге менің алдымнан өтпейді? Соттасуға уақытым жоқ. Бірақ, ол кинода ойнап тұрған мен емеспін. Домбыраны жерге сүйреп жүр. Мен домбыраны жерге қарай ұстамаймын, үнемі жоғары ұстап жүремін. Не болса да, олар менің жауларым. Мені жаман етіп көрсеткісі келген ғой. Бір Аллаға тапсырдым. Бірақ, кім түсірсе де, бұл дұрыс емес. Мен әлі жер бетінде бар адаммын. Ағайын, сенбеңіздер. Кинода ойнап тұрған мен емес. Мен олай боянбаймын», — деді Жүнісова.
домбыраны жерге қарай ұстамаймын, үнемі жоғары ұстап жүремін. Не болса да, олар менің жауларым. Мені жаман етіп көрсеткісі келген ғой. Бір Аллаға тапсырдым. Бірақ, кім түсірсе де, бұл дұрыс емес. Мен әлі жер бетінде бар адаммын. Ағайын, сенбеңіздер. Кинода ойнап тұрған мен емес. Мен олай боянбаймын», — деді Жүнісова.