«Менің жатырым = менің ережелерім»: Алматыдағы феминистер митингі сынның астында қалды
Бүгін Алматыда жүздеген әйел көшеге шығып тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту және т.б қоғамдық мәселелерге байланысты митинг жасады.
Феминистер шеруін Feminita, «КазФем», «Фемсреда», ОФ «SVET» және FemAgora ұйымдастырған.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі бұл шерудегі кейбір ұрандар мен әйелдер талап еткен құқықтардың қазақ халқының дәстүрлі түсінігіне қарсы екенін айтты.
Әлеуметтік желі қолданушысы Ғалымжан Жәкібаев: «Осының бәрі орысша тәрбие алғанның нәтижесі! Жатыры несі айтып тұрған?… Алматыда бір топ феминистер алаңға шығып, әйелдерге бостандық беруді талап етті.
Арасында Әйгерім Дүйсенова, Жәмиля Қасымханова, Жанар Серкебаева секілді лесбиянкалар, лесбо-белсенділер бар екен. Ұялғаным-ай! Ұяттан жерге кіре жаздадым. Әйгерім, Жәмилә деген аттан садаға кетіңдер.
Ұрандары да қазақ ұлтының дүниетанымына қайшы. Әйелге қырындаған, жылы сөз айтқан еркектерді түрмеге қамау қажет деп аттандапты.
О заман да, бұ заман Әйгерім деген әдемі аттың қадірін кетіріп, лесбиянкі болғанын қазақ қызын кім көрген?
Ашығын айтқанда осының бәрі орысша тәрбие бергеннің нәтижесі. Қазақы тәрбие алған қыз бала ар-ұяттан аттамайды. Құдайға, табиғат заңына қарсы келмейді.
Орысша оқыған ұл-қыздың ұяты аздау болады. Елімізде мұндайға жол берілмеуі керек» дейді.
Ал, ғалым Досай Кенжетай: «Ет етке тиеді, болды. Кәдімгі қолмен амандасқандай ғана нәрсе ғой. Бұл Батыстық гуманистік моральдық мектептің тұжырымы. Әйел еркіндігі!» деп пікір білдірді.
Хайдар Әлпер: «Өз құқын талап етіп бейбіт көшеге шыққандарды тарпа бас салып ұстайды. Ал, азғындардың шеруіне тимейді. Неге? Бұл не абсурд?!» дейді.
«Бұларды неге тәртіп сақшылары қыспаққа алмаған, автозакқа тиеп. Әлде олар өз адамдарына тимей ме?!» дейді Бақытбек Бекмұратұлы.
«Тәрбиесіз, бетімен кеткендер, қазақтың ұлттық болмысына жат дүниелер жасағандар жауапқа тартылу керек,елді, қоғамды бұзатындар емін еркін жүрмеу керек, Европаға кетсін, бізде оларға орын жоқ, Біз- ҚАЗАҚПЫЗ!» дейді Айгүл Айка.