«Менің қазақ тілінде сөйлеу мәнерім керемет»: Ангелина Лукас оқырмандарымен бәстесті

0

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас өзі туралы жағымсыз пікір қалдырған оқырмандарын «рингке» шақырды деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін спортшы қазақ тілінде сөйлеп, видео жүктеген еді. Алайда көпшілігі Ангелинаның сөйлеу мәнерін сынаған.

«Неге маған күлкілі?», «Меніңше, ол қазақ тілін білмейді, бұл мәтінді жаттап алған! Маған да күлкілі», – деп жазды оқырмандары боксшының видеосына.

 

Дегенмен Ангелина Лукас өзін сынағандарға жауап беріп, оларды бокс залына шақырды.

«Неге әйелдерде ашу мен ыза көбірек? Пікір жазғанша, өздеріңді дамытумен шұғылданыңдар. Ешқайсыларың бұл мәтінді жаттап алсаңдар да, мен секілді қазақ тілінде анық әрі әдемі айтып бере алмайсыңдар. Себебі сендерде IQ деңгейі нөлге тең. Менің залыма келіңдер, маған қазір спарринг-серіктес керек еді. Басқа қалада болсаңдар, ұшаққа билет алып беремін. Жатын орын мен тамақты да өзім төлеймін. Сосын рингте бірге күлеміз. Сендерге спортты қалай сүю керегін көрсетемін, сол кезде жағымсыз пікір жазуға уақыттарың болмайды», – деп жауап қатты ол.

Боксшыға жауап берген оқырмандарының бірі оның акцентіне күлгенін айтты.

«Неге? Сіз мені сол қолыңызбен-ақ сұлатып түсіресіз. Бұл тұста тең емеспіз. Ал IQ-мен бәрі дұрыс. Күш сынасып көруге болады. Мен сіздің акцентіңізге күлдім, негізінде біздің тілді үйреніп жатқаныңызға қуаныштымын», – деп жазды оқырманы.

Кейін боксшы сыншылар көп болғандықтан, қазақ тілін басым көпшілігі үйренгісі келмейтінін атап өтті.

«Күлуге болмайды, қазақ тілін үйренуге тырысып жүргендерді қолдап, қуану керек! Осылайша тілді үйренгісі келетін адамдар сіз секілділердің кесірінен сөйлеуге ұялады. Бір нәрсені дұрыс айтпаудан ұялады! Менің қазақ тілінде сөйлеу мәнерім керемет, акцентім де жақсы. Маған сіздердің күлкілеріңіз әсер етпейді. Әрі қарай да қазақ тілінде сөйлеймін», – деп жазды ол.