«Менімен қылмыскерлер секілді сөйлеседі»: Ақтауда карантинге жабылған бойжеткен жағдайын айтып, мұңын шақты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Оңтүсітк Кореядан ұшып келген Ақтау тұрғыны жақында Маңғыстау облыстық аурухнасының жұқпалы аурулар бөліміне карантинге жатқызылыпты. Аурухананың нашар күйін көріп таңқалған бойжеткен тозығы жеткен палата бөлмесін видеоға түсіріп, өз наразылығын білдірід, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

антисанитария

7 наурыз күні Ақтау тұрғыны Оңтүстік Кореядан Қазақтанға оралып, артынша Ресейдің Санкт-Петербург қаласына сапар шегіп келіпті. Айтуынша, ол үйінде жоқ кезде учаскелік дәрігер келіп, бойжеткенді іздеген көрінеді. 

«Мен Алматыға келіп, содан кейін Ақтауға ұштым. Қазақстандық әуежайларда мені тексерді, бірақ ешкім ешнәрсе айтқан жоқ. Сосын мен Ресейге төрт күнге барып келдім. Үйде жоқ кезімде, мені біздің учаскелік дәргер келіп іздепті. Ал әуежайда әлгі дәргер әйел Оңтүстік Кореядан келген азаматшаны іздеудемін деп жарияға жар салып тұрды. Сонда мен өзімнің ол жақтан алты күн бұрын келгенімді айттым. Сол кезде ол менің қолымнан сүйреп, өзімен бірге ертіп жүре бастады. Осы сәттен бастап нағыз аласапыранға тап болдым», — дейді өзінің есімін атамауға өтінген бойжеткен. 

Сөзінше, әуежайда да, ауруханада да карантинге жатқызылғандарға арнап мүлдем жағдай жасалмаған. 

«Мен анықтама қағазды бір жарым сағат бойы күттім. Маған, тіпті, су бермей, дәретханаға шығармай қойды. Оңтүстік Корея бірінші санаттағы коронавирусқа қолайсыз елге кіретіндігін білмедім. Ал ол жақтан келген азаматтар болса екі аптаға карантинге жабылуы тиіс көрінеді. Қызметкерлер маған құдды бір қылмыскер сияқты кейіп танытты. Бір сағат бойы аяғымнан тік тұрдым. Дәрігерлер менің қолымнан жұлқылап, маған айқайлай бастады. Мен де дауыс көтеруіме тура келді. Сол кезде мені бір суық бөлмеге кіргізіп қойды, Мен демікпеге шалдыққанмын, маған суықта көп отыруға болмайды. Оңтүстік Кореяға емделу үшін барғанмын. Менің сөздерімді ешкім де құлағына ілмеді. Амалым таусылып, олардан шай, су сұрай бастамадым», — дейді карантинге жабылған бойжеткен. 

Содан кейін Оңтүстік Кореяға сапар шегіп келген азаматшаны жедел жәрдемге салып, ауруханаға жеткізіпті. Бұл жерде оның дене қызуы тексеріліп, палатаға жатқызылыпты. 

«Алғашында мені туберкулезке қарсы диспансерге жіберілдім. Ол жақта менің көзімше еден жуылып, менің заттарымды кварцпен тазалады. Диспансердің қызметкерлері сыпайы, маған жақсы қараған еді. Бірақ содан кейін палатасын көріп жылауға болатын инфекциялық ауруханаға ауыстырып тастады», -деп қосты ол

Бұл жердегі сұмдықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес дейді ақтаулық бойжеткен. 

«Менің сұрақтарыма ешкім жауап бергілері жоқ. Сараптама жасалды, оның нәтижелері шыққан соң қайта туберкулезге қарсы диспансерге ауыстырылатындығымды айтты. Мына жақта терезелері бекітілген бір бөлмеге жатқызып қойды. Қашып кетеді деп қорыққандары көрініп тұр. Бұл жерде жатуға болмайды ғой деп айтып едім, жақында мұнда жөндеу жұмыстары жасалады деп жауап берді ондағылар. Нағыз антисанитария. Басында бұл жерге жатқызған кезде жылап та алдым. Жуынатын бөлмеде суға түсе алмайсың, суық болып тұрады. Дәрігерге шағымымды жеткізіп едім, ылғалды қағаздармен сүртіне тұр дейді. Мен өте кірпияз адаммын. Бұл не масқара? Осы жақта шыққан соң менің психологқа баруыма тура келеді-ау деп қорқамын», — деп күрсінді бойжеткен. 

Бұған дейін Алматыда карантинге жабылғандар жағдайларын айтып, наразылықтарын білдіргені жайлы айтылған еді. 

https://www.youtube.com/watch?v=BouInZq0lZ8

 

stan.kz