«Мені танымай тұрсың ба»: Желіде Бағлан Әбдірайымовтың шу шығарған видеосы тарады

0

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов елдің қызу талқысына түсті. Оған әртістің желіде тарап кеткен видеосы себеп болған. Өнер иесі күзетшілерге қарсылық танытып, шу шығарған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бағлан Әбдірайымовтың шулы видеосы Instagram желісіндегі бірқатар парақшада жарияланған. Бейнежазбада әншінің күзетшілермен ерегесіп жатқаны көрініс тапты. Ол өзін танымай тұрған қызметшілерге қарсы шығып, наразылығын білдірген. Аталмыш видео бірден қалың көпшіліктің қызу талқысына түсті. Оқырмандар бұл оқиғаға қатысты түрлі болжам айтып бастады. Бірі әртістің жұлдыз ауруына ұшырағанын жазса, енді бірі бәрі хайп үшін жасалғанын жеткізді. Алайда желіде тарап кеткен видеоға қатысты бар шындықты Әбдірайымовтың өзі ашып айтты. Белгілі болғандай, бейнежазба түсірілім алаңында жасалған. Әртіс алдағы уақытта толық метражды фильм түсіруге ниетті екенін жеткізді. «Бұл видеоға неше түрлі тақырып жасауға болады, жасай берсін. Ақиқатын біз өзіміз білеміз, иә? Достар, аман — есен тизерді түсіріп алдық. Бірден үлкен киноға тәуекел жасағанша, алғашқы қадамын көрейін дедім. Қателеспеген секілдімін. Монтажы бітсе, сіздерге ұсынамын. Қолдауларыңыз от болса, толықметражды киноға бет аламыз», — деп жазды ол.