«Мені сен сайлаған жоқсың»: Алматы облысында халыққа дөрекілік танытқан әкімнің видеосы желіде таралды
Алматы облысында Панфилов ауданындағы «Хоргос» өткізу пунктінде халық жолды жауып тастады. Халыққа басу айтпақшы болған Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров наразы тұрғындармен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Онға жуық белсенді ұсталды. Сол себепті халық жолға жиналды. Бәрі «Хоргос» үшін. Міне әкімдер де жүр», — дейді әлеуметтік желіде таралған видеоның авторы.
Әкім жиналғандарға дөрекелік танытқан, алайда халық оны бұл қылығы үшін сөгіп тастады.
«Әкім мырза, сізді халық таңдады ғой? Енді сол халықты тыңдаңыз», — дейді наразылардың бірі.
«Сен мені таңдаған жоқсын!» — деп әкім ашулы күйде.
Айта кетсек, Болат Омаров Жаркент қаласының әкімі болып 2020 жылы наурызда тағайындалды. Шенеуніктің бұл әрекетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттік назарына алуы мүмкін.
View this post on Instagram