“Мені қарғап, көргісі келмеген” — Мақпал Жүнісова неліктен Заманбек Нұрқаділовке қойылған ескерткіштің ашылуына қатыспағанын айтты
Мақпал Жүнісова Instagram-да ескерткіштің ашылу рәсімінен видео жариялап, «Неге қатыспадыңыз?» деген сұраққа жауап берді. Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.
«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуіміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», – деп жауап берді Мақпал Жүнісова.
фото: ашықдереккөз