«Мені полицей зорлап, заңсыз түсік жасатты. Бірақ түрмеде жазықсыз адам отыр». Ақтөбе облысында қыз бала Тоқаевтан көмек сұрады

0
848
Сурет: https://ru.depositphotos.com/

Ақтөбе облысында бойжеткен Президентке көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның бейне үндеуі Qumash Telegram каналында жарияланды.

Қыздың айтуынша, учаскелік полиция қызметкері оны бірнеше рет жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Бірақ темір тордың ар жағында жазықсыз адам отыр.

«Менен қазір темір тордың ар жағында отырған адамды кінәлауды сұрады. Бұл өтінішті Ақтөбе облысының Петропавловка ауылындағы Қарғалы ауданының бұрынғы учаскелік полиция қызметкері айтты. Ол маған билік жүргізіп, менің келісімімсіз менімен жыныстық қатынасқа түсті. Ол кезде мен 13 жаста едім», — дейді бойжеткен.

Әкесі жоқ, ал анасы маскүнем болғандықтан, учаскелік полиция қызметкері олардың үйінде жиі болатын.

«Маған заңсыз түсік жасады. Анам ата-ана құқығынан айырылды, ал учаскелік полиция қызметкері басқа адамға жала жабуымды талап етті. Қауіп төніп тұрғандықтан, бас тарта алмадым. Сондай-ақ, олар куәгерлерді сатып алды», — деп қосты ару.

Жәбірленуші өзінің учаскелік полиция қызметкерінен жүкті болғанын, ал түрмеде бұл іске еш қатысы жоқ жазықсыз адамның отырғанын айтты.

Өз кезегінде, облыстық ПД барлық фактілер сотталған адамның қатыстылығын дәлелдейтінін атап өтті.

«2018 жылы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің ұрығына геномдық сараптама және ДНҚ-ға салыстырмалы талдау тағайындалды. Бұдан басқа, барлық фактілер, куәлардің айғақтары және жүргізілген сараптамалар сотталған адамның осы қылмысқа қатыстылығын дәлелдейді. Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Қорғау тарабы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді, алайда апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы үкіммен келісті», — деп нақтылады ведомствода.