Мен және табиғат, К дыбысы мен әрпі

0

Төлеген Айбергенов — «Ана»
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп — ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз — дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

———————————

Ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Толық нұсқа: Ана туралы мақал мәтелдер қарау