«Мең-зең боп жүрдім»: Әсел Сәдуақасова жүктілігін 20-аптада тоқтатуға мәжбүр болған
Биыл тұрмысқа шыққан актриса басынан өткен ауыр жағдайды айтып берді.
Актриса Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, жүктілігін дәрігерлердің кеңесімен тоқтатуға мәжбүр болғанын жеткізді, деп хабарлайды Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Өте үлкен күйзелісті бастан кештік. Сәуір айының соңында Қазақстанға келуіміз керек болған. Біз үйленеміз деп ойламадық. Бірге тұрамыз деп шештік. Алайда мен аяғым ауыр екенін білемін. Қазақстанға келгенде, ата-аналарымызға айттық. Олар «Үйленіңдер» деді. Біз де келістік. Уақыты келгенде айтамын деп жүргенмін. Біреу «Аяғы ауыр боп қалып, күйеуге шықты» десе де, мән бермейтін едім. Тіпті бірге тұрсақ та, бәрібір ғой. Алайда біз үйленуге шешім қабылдадық. Мен өмір бойы армандаған үйлену тойы болды. Бізде үйленгеннен кейін ұрыс, дағдарыс басталды. Мен оған бөлек тұруды ұсындым. Себебі, бұл балаға кері әсер ететін еді. Аяғым ауыр. Маған бұлай жүйкемді жұқартуға болмайды дедім. Сол уақытта мен өте сезімтал болдым. Болмайтын нәрсеге жылайтын едім. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, бірге уақыт өткізе бастадық», — деді Әсел Сәдуақасова. Актриса сұхбат барысында жүктілікті медициналық көрсетілім бойынша тоқтатқанын айтты.
«Екі аптадан кейін екінші скрининг болуы керек еді. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасы болатын. Осы скринингте баланың дамуында өзгеріс болып жатқанын айтты. Сол апта мең-зең боп жүрдім. Дәрігерлер кеңесі құрылып, медициналық көрсетілім бойынша, менің жүктілігімді тоқтатуға шешім қабылдайды. Мен ауруханаға жаттым. Не болып жатқанын түсінбеймін. Бұл жағдай бізді жақындастырды.Сол сәтте өзімді кінәлай бастадым. Бірнәрсені дұрыс істемедім бе? Менде бірнәрсе дұрыс болмады ма? Бірақ жүктілік кезінде токсикоз да болмады. Өзімді керемет сезіндім», — деді Әсел Сәдуақасова.
Фото: «Время» газеті