«Men qazaqpyn» мега-жобасында маңғыстаулық дәстүрлі әнші топ жарды

0

«MEN QAZAQPYN» республикалық мега-жобасының «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша бас жүлдесі маңғыстаулық өнерпаз Алпысбек Оңайбайұлына бұйырды. Елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті биыл жобаға екінші рет қатысқан.

Жобаны «Қазақстан» телерадио корпорациясы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен өткен жылы да ұйымдастырған. Ол кезде «жыр-терме» аталымы бойынша да маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жеңіске жеткен еді.

Мега-жобада 1500 өнерпаз бақ сынаған. Ақтық сынға 49 үміткер өтіп, телевизиялық түсірілімге жолдама алған. Олардың арасында Ресейден келген екі өнерпаз және Жапониядан келген бір қатысушы бар.

Байқау қорытындысында қазылар «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша бас жүлдені екіге бөлді. Сөйтіп Алпысбек Оңайбайұлы мен Рауан Әлімбаев жеңісті бөліп алды. Ал «Үздік термеші» номинациясымен — Күнсұлу Түркпен, «Үздік күйші» номинациясы бойынша — Жәнібек Жәмиев марапатталды.

«Қамшы» сілтейді