«Мен қалада ешкімге аға-көке емеспін» — Ерболат Досаев
Әкімге қала тұрғыны кәсіпкердің үстінен шағымданған, — деп жазады Kznews.kz порталы http://Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бөкейханов көшесіндегі дәмхананың иесі өз аумағын заңсыз кеңейтіп жатыр. Кафенің аумағы тіпті табиғи қорғалатын аумаққа, яғни Есентай өзеніне дейін жетті. Ол жерде жазғы кафе салмақшы. Жұмыстарды бастап кетті. Ол біздің ескертулерге құлақ аспайды. Оның сенген мықты көкесі бар ғой деймін», — дейді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмейтінін айтты.
«Мен өзім қалада ешкімге де аға-көке емеспін және аудан әкімдеріне де біреулерге олай болуға рұқсат етпеймін. Біз сіздер секілді қарапайым кісілерміз. Егер сотпен дәлелденбесе, бізге ондай мәселелерді астарлап айтудың қажеті жоқ», — деді қала әкімі.
Фото: vlast.kz