мен өзімді өзгертпеймін, осы қалпымда қабылдаңыздар
Қысқа сілтеме алу
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы «Президент 2.0» деректі фильмі жарық көрді
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мінезін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Мен өз қалпымнан айнымаймын. Маған ширақтық, еркін адамның образы жетіспейді деп айтады. «Үнемі пиджак киіп жүресіз», «Мемлекеттік қызметші екеніңізді айнытпай тануға болады» деп жатады. Бірақ мен өзімді өзгертпеймін. Жауабым осы. Мені осы қалпымда қабылдаңыздар», — деді Тоқаев «Президент 2.0» деректі фильмінде.
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтағаннан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргенін де еске салды.
«Бүгінде Мәскеудің мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында қандай тәртіп екенін білмеймін. Бірақ біздің кезімізде студенттерге костюм мен галстук киюге талап қоятын. Әрине, қазір де пиджак киемін. Ал мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін міндетті түрде пиджак кию керек. Біз таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін костюммен жүреміз. Иә, олай жүрген онша пайдалы емес дейді. Алайда біз сияқтыларды пиджақта туды дейді», — деп атап көрсетті Тоқаев.
sputniknews.kz