«Мен өтініш жаздым»: Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуге қатысты ойын айтты

0

Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, деді министр

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға мәдениет пен спорт саласын екіге бөлуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап.

«Біз бәріміз адамбыз, кейде қателесуіміз мүмкін. Спорт пен мәдениет саласы бір министрлік бола ма, әлде екіге бөліне ме оны мемлекет басшылығы шешеді. Сондықтан біз қазір өз жұмысымызды мейлінше жақсы атқаруға тырысып жатырмыз», — деп жауап берді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Брифинг барысында журналистер мәдениет министрінен Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кетуі туралы ойын сұрады.

«Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін», — деді мәдениет және спорт министрі.

Айта кетері, 2021 жылы Жапонияның Токио қаласында Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында 8 қола медаль алды.

Сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медальсыз қайтты.