«Мен оны сүйемін. — Ол сені өлтіріп қоюы мүмкін»: Салтанат Нүкенова мен ағасының арасында болған хат алмасудың мәтіні жарияланды

0

29 наурызда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді қарындасымен жазысқан хаттарды оқып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Айтбек Амангелді қарындасымен алмасқан хаттарды өз еркімен ұсынғанын, ешнәрсені өзгертпегенін және өзінің ешнәрсені жасырмайтынын айтады. Whatsapp мессенджерінде жазылған хаттар 2023 жылдың 20 наурызы мен 25 наурызы аралығындағы уақытты қамтиды. (Хат алмасу Салтанат Нүкенова ағасына өзінің соққыға жығылған кездегі суретін жолдаған соң, Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үйіне барып шу шығарғаннан кейін орын алған).

С.Нүкенова: Бұл суреттер сенде тұрсын. Мұның болғанына біраз болды, саған әдейі жіберіп отырмын. Өтінемін, көрген соң ештеңе жазба.

С.Нүкенова: Өтінемін жазба да хабарласпа да.

А.Амангелді: Шын айтып тұрсың ба, менің үйіме кел. Саған мұндай некенің не қажеті бар?! (Арада аудиохабарламалар мен аудиоқоңыраулар болады)

С.Нүкенова: Енді менің дауысымды ешқашан естімесің. (бірнеше боқауыз сөздер) Әкеме сенің қандай ақымақ екеніңді айтамын. (сағат 3:57 үлкен әріптермен жазады) – Сен не бүлдірдің! Сен енді мен үшін ешкім емессің.

А.Амангелді: Одан бөлек шық. Жалғыз тұрсаң да өзің бақытты өмір сүр. Ол мына түрімен сені өлтіріп тынады.

С.Нүкенова: Сосын мені сен асырайсың ба?! (Ағасы қарындасының бұл сөзін оның ұзақ уақыт бойы Қуандық Бишімбаевқа материалды түрде бағынышты болғанымен түсіндіреді).

С.Нүкенова: Айтым, қалайсың? Тірісің бе? Маған тергеуші жазып жатыр, Назым арыз жазыпты ал Қуандық ұйықтап қалды. Ата-анамыз қазір ғана кетті.

А.Амангелді: Саған менен не керек?

С.Нүкенова: Ештеңе. Сенің нөміріңді берерімді не бермесімді білмей отырмын.

А.Амангелді: Бер. Мен оның кім екенін білмеймін. (Бұл жерде әңгіме Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Қаһарман жайлы болып отыр. Ол қарындасының соққыға жығылғанын көріп, Бишімбаевтың үйіне келіп шу шығарған соң, балалары қысымға ұшырады деп санаған).

С.Нүкенова: Ол Кәрім мен Ранияның анасы.

А.Амангелді: Маған қандай сұрақ бар?

С.Нүкенова: Сені тергемек.

А.Амангелді: Тергей берсін. Мен оның балаларына ештеңе жасаған жоқпын. Демалсын, сен де демал. Өлер кезіңде ғана жаз және хабарлас. (Айтбек Амангелді бұл кезде өзіне қысым жасалып, стресте болғанын және бұл уақытта қарындасымен сөзге келіп қалғанын айтады) – Сен өз сөзіңді айттың. Сенің ата-анаң мен құрбыларың бар, өз өмірің туралы соларға айт ал мен мүлдем араласпаймын. Ал Назыммен өзім сөйлесемін.

С.Нүкенова: Сен балаларға тиістің бе?

А.Амангелді: Жоқ. Мен бөлмелерді аралап, тек сені іздедім. Тергеушіні жіберіп, мені нақты не деп айыптап жатқанын түсіндірсін.

С.Нүкенова: Мені іздегеніңді ал балаларға тиіспегеніңді айтып, жағдайды түсіндір. Ол ақылды, бәрін түсінеді. (Назым жайлы айтып отыр – ағасы.)

Айтбек Амангелді осы уақыттың ішінде Назым Қаһарманмен мүлдем сөйлеспегенін атап өтеді.

С.Нүкенова: Мен әкеме хабарласа алмай отырмын.

А.Амангелді: Өзім бәрін шешемін.

С.Нүкенова: Бізді кешіріңдер.

А.Амангелді: Қажет емес.

С.Нүкенова: Мен кінәлімін.

А.Амангелді: Мені жайым қалдырыңдар.

С.Нүкенова: Өзім бәріне кінәлімін.

А.Амангелді: Өлер кезіңде хабарласарсың. Екеуің туралы да ешнәрсе білгім келмейді. (Айтбек Амангелді осы уақытта туыстар тарапы болған оқиғаны білгенін айтады. Алайда олар ағасының күйеу баласының үйіне барып не себепті шу шығарғанының нақты себебін білмеген. Айтбек ата-анасы үшін уайымдап оларға қарындасының соққыға жығылған сәттегі суретін көрсетпеген).

А.Амангелді: Sensata-дағы үй сатылымда тұрады. Мен онда аттап баспаймын. (Айтбек Амангелді осы аталған көпқабатты үйден Қуандық Бишімбаев жеңілдікпен үй алуға көмек ұсынғанын, оны қабыл алғанын айтады. Алайда ол үйді өзі жинаған қаржыға ипотека арқылы рәсімдегенін атап өтеді).

А.Амангелді: Мен сенен немесе одан бірнәрсе алудың орнына қоқыс жәшігінде өлгенім артық. Сенің әкең мен шешең бар бірақ енді ағаң жоқ.

С.Нүкенова: Енді не істейін, ажырасайын ба? Сен осыны қалайсың ба?

А.Амангелді: Жоғал! Маған бәрібір. Не қалайсың соны жаса (Айтбек Амангелді бұл уақытта өзінің қатты ашуланып тұрғанын атап өтеді).

А.Амангелді: Мен сені жақсы көремін. Ешнәрсені уайымдама, тергеушімен де өзім реттеймін. Сенің әлі де сол жақта қалғаның мені алаңдатады. Менің ашуым тек соған бағытталған (Қ.Бишімбаев – ред.). Келесі жолы оны өлтіремін, осылай оңай құтылады деп ойлама. Мүмкін отырармын (түрмеге – ред.) бірақ өлтіремін. Егер ол саған қол көтеретін болса онда ол – әлсіз.

С.Нүкенова: Менің тек жақсыға лайықты екенімді сен қайдан білесің?

А.Амангелді: Сен өте кереметсің. Сенің өткенің мен болашағыңа қатысты емес.

С.Нүкенова: Рахмет, жаным. Менің де ақылым дұрыс емес, кез келгеннің есін ауыстырамын.

А.Амангелді: Сен өмірің тек бақытты және қуанышты сәттерден тұруы керек.

(Одан кейінгі хат алмасулар Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың арасындағы даулы оқиғалар мен тергеуші туралы)

А.Амангелді: Ранияға тиіскен жоқпын. Мансұр үйде болған жоқ. Сен мені білесің ғой, балаларға тиіскен жоқпын. Күйеуіңді өлтіргім келді оны жасырмаймын. Мұнымен мақтанбаймын бірақ солай болды. Сен өзіңді ойладың ба?! Өз-өзіңе жауап берші: бақыттысың ба? Ол соған лайық па? Кез келген уақытта менің үйіме келіп тұра аласың. Қаласаң менің ипотекаға алған үйіме келіп тұр, мен ақшасын төлеп тұрамын. Біз өзіміз де жақсы тұрамыз. Оның (Бишімбаев – ред.) ақшасы мен таныстарының қажеті жоқ. Бізге сенің бақытты болғаның және деніңнің сау болғаны маңызды.

С.Нүкенова: Ия, мен оны сүйемін.

А.Амангелді: Ол сені өлтіріп қоюы мүмкін.

С.Нүкенова: Мен онсыз өмір сүре алмаймын. Онымен ажырассам ары қарай өмір сүре алмаймын.

А.Амангелді: (Психологтардың нөмірін жібереді). Өзің танитын психологтармен сөйлесші. Олар саған мұның махаббат емес психологиялық ауытқу екенін түсіндіреді.

С.Нүкенова: Мен басынан бастап өзім кінәлі болдым. Сен біздің тарихымызды білмейсің.

А.Амангелді: Сен оны қалай жақсы көрсең де мен оны өлтіремін. Саған бұлай жасауына жол бермеймін.

С.Нүкенова: Ол менің күйеуім ғой.

А.Амангелді: Ол сенің жай ғана жігітің. Сендер неке қидырмағансыңдар. (Айтбек Амангелді Нүкенова мен Бишімбаев тек некеде тұрғанын, ресми түрде заңды некесін қидырмағанын атап өтеді)

(Келесі хат алмасуларында Айтбек Амангелді қарындасын Қуандық Бишімбаевтан кетуге үгіттегені жайлы айтылады).

А.Амангелді: Кетіп қал. Барынша ерте кетсең өзіңе жақсы болады. Өтінемін, сен үшін барлығын жасаймын. Мені өмірбақи жек көр, менімен ешқашан сөйлеспей-ақ та ғой бірақ одан кетіп қал. Павлодарға барып өз-өзіңе кел. Саған ол мүлдем ұнамап еді ғой. Ол саған қалай жол табуды білмей құрбыларың арқылы шықты. Каринамен сөйлес, ол да психолог қой. Сен онда күзетшісі бар түрмеде отырғандайсың. Ол сені жібермей ме? Кешкісін дүкенге шық та кетіп қал. Қаласаң мен сені алып кетемін. Өтінемін, жаным, одан кетіп қалшы. Сен ешқашан жалғыз болмайсың. Өзің жайлы ойлашы. Сен қалаған бақытты неке осы ма еді?! Алдымен өзіңе жауап берші. Мен дұрыстап тамақ та іше алмаймын, ұйықтай да алмаймын өйткені сені ойласам жүрегім ауырады. Сен одан қауіпсіз екеніңді білмесем мен дұрыс өмір сүре алмаймын. Сен – Салтанатсың.

С.Нүкенова: Мен тамақ дайындап жатырмын. Менде сессия сосын жауап жазамын.

А.Амангелді: Кез келген минутта хабарласып мені алып кет десең ұшып жетемін.

С.Нүкенова: Айтым, мен сені түсіндім. Ертең жолығып, сөйлесеміз. Біз екеуміз де бұл туралы сөйлестік. Бұл отбасылық өмір. Ол барлығын мен үшін жасайды және мені жақсы көреді. Мен онымен бақыттымын, шын айтамын. … Ол тырысып жатыр. Ең бастысы біз бір бірімізді жақсы көреміз. Менің мінезім де оңып тұрған жоқ. Оны жаман етіп көрсеткен өзімнің қателігім. Бірақ ол жақсы адам және мені сүйеді. Бірақ барлығынан мені қызғанады. Ол менімен 24/7 бірге болғысы келеді. Ия, бұрынғыдай бос уақытым жоқ, бірақ бұл отбасылық өмір. Өтінемін егер мені жақсы көрсең маған сен және араласпа. Мен 18 жастағы қыз емеспін, жасты 30-да. Мен тұрмысқа сүйіп шықтым және мен бақыттымын. Мен одан кеткім келмейді және кетпеймін. Біз барлық мәселемізді шештік.

(Келесі хат алмасуларда Салтанат Нүкенова ағасы Қуандық Бишімбаевтың жақсы адам екеніне сендіруге тырысатыны, Бишімбаев пен ағасының арасындағы дау мен балалардың қатысы жайлы сөз болады)

С.Нүкенова: Мен сенің өміріңе араласпаймын. Менен де одан да (күйеуі – ред.) аулақ жүр. Сен отбасылық өмір туралы не білесің?! Болды, енді маған жазба.

А.Амангелді: Отбасылық өмір туралы сенен артық білетінім анық.

С.Нүкенова: Өзгенің ара-қатынасына араласуға болмайды, саған сабақ болсын. Сендердің мәселелерің өз араларыңда, менің онымен де сенімен де мәселем жоқ.

А.Амангелді: Жоқ, бір нәрсені анықтап жаттап ал, саған қатысы бардың маған да қатысы бар.

Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр.