Мен онда кім тұратынын білмеймін — Көлгінов Назарбаевтар аралы туралы

0

8 шілдеде Нұр-Сұлтан әкімі  өткізген брифинг кезінде  одан журналистер  2007 жылы әкімдіктің Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқан аралы туралы сұрады.

Әкім 15 жыл бұрынғы құжаттармен таныс еместігін алға тартып, жауап бермеді.

— Мен бұған байланысты құжаттармен таныс емес болғандықтан, бұл мәселеге түсініктеме бере алмаймын. Заң бойынша қандай рәсімдер қабылданған болса да  – олар қабылданды. Құжаттарды көрген жоқпын, түсініктеме бере алмаймын, – деді әкім.

Сондай-ақ,  ол аталған аралда кім тұратынын білмейтінін қосты.

Бұған дейін Orda.kz журналистері елорданың оң және сол жағалауының қақ ортасында орналасқан Жасыл аралдың  толығымен дерлік Назарбаевтар отбасына тиесілі екенін анықтаған болатын. 2007 жылы әкімдік оларға бұл жерді жайдан жай сыйға тартқан. Бұл туралы толығырақ мына төмендегі мақаладан оқи аласыз.