«Мен оған бақыт тілеймін»: Баян Алагөзова Дана Орманбаеваға қатысты пікірін айтты

0

Продюсер мен журналист арасындағы кикілжің сотқа дейін жеткен еді

Продюсер Баян Алагөзова мен журналист Дана Орманбаеваның арасындағы дау сотқа дейін жеткені белгілі. Алагөзова журналистпен арасындағы қарым-қатынасы туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шынымды айтсам, Данаға жаным ашиды. Оны құшақтап, «Дана, бақытты болшы. Шынымен бақытты бол. Өзіңе қатысы жоқ шындықты іздеудің қажеті жоқ. Әркімнің өз шындығы бар» дегім келеді. Мен онымен тек заң аясында ғана байланысамын. Бірінші сот менің пайдама шешілді, енді екінші іс қаралуда, – деді Баян Алагөзова.

Бұған дейін журналист Дана Орманбаева әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Алагөзоваға қатысты бірқатар ақпарат таратқан еді.

Продюсер Баян Алагөзова болса Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына журналистің үстінен арыз жазып, Орманбаевадан Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етіп жүгінді. Сонымен қатар соттан моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіруді сұрады.

Өз кезегінде Дана Орманбаева өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және пікір түрінде екенін айтып, айыпты мойындамаған.