“Мен көшіп кеттім” — Жәнібек қазіргі жағдайымен бөлісті

0

Жәнібек есімімен танымал бельгиялық азамат анасы қайтыс болған соң елден көшетінін мәлімдеді. Бірақ ол Қазақстанға емес, басқа мемлекетке қоныс аударған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Қазір Қазақстанда емеспін… Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені… Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей, саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін», — деп жазды Мұрат Савелиев.